ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БАРШАМЫЗ ЖҰМЫЛАЙЫҚ

0

Құрметті қордайлықтар! Қадірлі жерлестер!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асатын тазалық айлығы туған өлкенің ажарын ашуға, тал-тарақтар егіп, жол бойы мен сай-саланы, арық-адырларды ретке келтіруге бағытталған.

Жақында жалпымыз жұмыла акция аясында «Таза өлке» апталығын өткіздік. Апталық барысында елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды ретке келтірді. Алда, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға бағытталған «Киелі мекен»,  ағаш көшеттерін отырғызу, көшеттерді әктеумен ерекшеленетін «Жасыл аймақ», ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналған «Өнегелі ұрпақ» апталықтары күтіп тұр.

Осының барлығына баршамыз жұмыла атсалысып, абаттандыру, санитарлық тазалыққа ел болып ұйысып, көпшілік болып көмекке келсек нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, туған жеріміздің, аймағымыздың, ауылымыздың тазалығы өз қолымызда.

Қадірлі жерлестер!

«Таза Қазақстан» әрқайсымыздың ауламыздан, іргелес жатқан аумақтан бастау алады. «Ауылына қарап азаматын таныған» елміз. Ендеше азаматтығымыздың ақ туын желбіретіп, ынтымақ мен бірлікті бекем ететін тазалық жұмысына баршамыз бірге жұмылайық!

Бегзат Болатбеков, Қордай ауданы әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.