Күз – тұмау мен тыныс жолдары аурулары жиілейтін кезең.
Дәл осы уақытта өз денсаулығын қорғаудың ең сенімді жолы – тұмауға қарсы екпе алу.
Медицина қызметкерлері тұрғындарға үлгі болып, вакцина алуды өздерінен бастады. Бұл – халыққа деген қамқорлықтың, жауапкершіліктің және сенімділіктің көрінісі. Дәрігерлердің басты ұстанымы айқын: «Алдын алу – емдеуден маңызды!»
Grippol Plus (Ресей) вакцинасы – қауіпсіз әрі тиімді.
Ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен ресми түрде тіркеліп, қолдануға ұсынылған. Вакцина тұмаудың ауыр түрлерінен және асқынуларынан сенімді қорғайды.
Мамандар әсіресе келесі азаматтарға екпе салдыруды ұсынады:
балаларға,
жүкті әйелдерге,
егде жастағы адамдарға,
медицина қызметкерлеріне,
созылмалы аурулары бар тұрғындарға.
Барлық екпелер тегін жүргізіледі және оларды тәжірибелі, білікті медицина қызметкерлері салады.
Мекенжай: Қордай орталық аудандық ауруханасы, аудандық емхана ғимараты, екпе кабинеті
Уақыты: дүйсенбі–жұма, сағат 8:30-дан 16:30-ға дейін
Денсаулық – өз қолымызда.