ЕКПЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

0

Жұма күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің акт залында аудандық Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай жүргізген отырысқа аудандағы балабақшалардың меңгерушілері қатысты.

Отырыста аудандағы эпидемиологиялық жағдай жайы  қозғалды. Бүгінде елімізде қызылша ауруы өршіп тұрғаны белгілі. Ал, осы ауруға қарсы екпе егу жұмысы көңіл көншітпейді. Жиын барысында сөз алған Дамира Маратқызы аудан бойынша вакцинациялануы тиіс 11811 баланың бүгінгі таңда 7720-сы ғана екпе алғанын, бұл облыстағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі екенін атап өтті. Екпе алмаған балалардың көбі 2 және 4 жастағы балалар екен. Сол себепті жиынға балабақшалардың өкілдері шақырылды.

Жиында аудандық бас санитар Марат Асаров аудандағы 26 жекеменшік балабақшада жалпы 89 балақай ауруды жұқтырғанын айтып, аталған балабақшаларда вакцинадан бас тартқандардың санын тізіп өтті. Сонымен қатар, отырыста эпидемиолог және инфекционист дәрігерлер сөз сөйлеп, қызылша ауруының белгілері және сипаттарын, одан туындайтын өзге де қауіптерді баяндап берді.

Дамира Сүгірбай балабақша меңгерушілерінен вакцинадан бас тартқан ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жақсылап жүргізулерін сұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.