ЕЛ ҮМІТІ – САЙЛАУДА

0

Бейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған шара өткізілді.

Оқыту-семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Асылбек Сырлыбаев және учаскелік сайлау комиссиялары төрағалары мен комиссия мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің бөлімдері, аудандық полиция, саяси партия өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Келесі дәріскер, Қордай аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Ниязгулова «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну және тіркеу» және «Әкімдікке кандидаттардың құжаттарын заң талаптарына сәйкестігін тексеру туралы» тақырыптары бойынша түсіндірді. Әрі қарай, Қордай аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай «Сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлаушылардың құқығы», «Сайлау алдындағы үгіт, байқаушылар, сенім білдірген адамдар туралы», «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру және дауыс беру қорытындыларын айқындау тәртібі туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар арқылы ақпараттандырудың негізгі аспектілері немесе алтын уақыт алгоритмі туралы» және «Сайлаушылардың дауыс беретін уақыт пен орны туралы хабардар етудің алгоритмі»   тақырыбында түсініктеме берді. Әр тақырып бойынша Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қосымша пікір білдіріп, қорытындылады. Әр баяндамашы өзінің тақырыптары бойынша учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне кейстік сұрақтар қойып, жауап алды.

Семинар тақырыптары бойынша дәріс оқылғаннан кейін, шара соңында оқылған тақырыптарды бекітуге арналған қорытынды тест алынып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.