Ел болашағы жастардың қолында

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау кең байтақ аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ», – деп айтқан болатын. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, елімізді, жерімізді қорғап, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру жастардың жауапкершілігінде екендігі сөзсіз.

Бұл орайда, аудан әкімдігінің мәжіліс залында, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың жетекшілігімен Жастардың жүргізіп отырған жұмыстары туралы ІІ кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысына мекеме және бөлім басшылары, колледж директорлары мен белсенді жастар қатысты. Шарада аудандағы мәдениет саласы бойынша мемлекеттік жастар саясатының орындалуы және аудандағы дарынды жастарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуы барысында атқарылып жатқан жұмыстары туралы, ауданда мемлекеттік жастар саясатының орындалуы туралы мәселелер күн тәртібінде қаралып, ол бойынша тиісті басшылары баяндама жасады. Жастармен етене жұмыс істеп жүрген «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі аудан жастарының дамуы үшін бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Орталықтың негізгі міндеттері– жастарды білімге, шығармашылыққа, инновациялық жобаларға бағыттау болып табылады. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар ізденістің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Бүгінгі атқарылып жатқан әрбір іс-шаралар түптеп келгенде еліміздің ертеңгі болашағына жауапты отаншыл жастарды тәрбиелеп қалыптастыру жолындағы қадам деуге  болады. Ендеше, осы мақсат үдесінен шығу үшін біз жастармен бірге жұмыс істеп, дамыған қоғам құру жолында қызметімізді жалғастыра беруіміз тиіс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.