ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ

0

Бейсенбі күні аудандық білім бөлімінің басшысы С.Әшірбеков Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімдерімен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңызын таныстыру және түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Жиын барысында ел Президентінің конституциялық өзгерістерді республикалық референдумға шығаруды ұсынғанын, яғни оларды қабылдау тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді. Сонымен қатар ақпараттық-насихаттық топ Ата заңымызға енгізілетін түзетулер елдің болашағына айтарлықтай әсер ететіндігіне және Конституциялық реформа жалпыұлттық сипатқа ие екендігіне тоқталды. Кездесуді қорытындылай келе аудандық штаб мүшелері референдумға қатысу еліміздің әрбір тұрғынының азаматтық міндеті екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.