ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА

0

«Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері референдумды қолдау бойынша жастар митингісін өткізді. Митинг барысында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.Керимжанова 5 маусым күні өтетін референдум жайында түсіндіріп өтті және саяси науқанға үн қосудың ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды. Колледж президенті А.Бекбосын 18 жасқа толған студенттерді референдумға қатысуға шақырды. Еске сала кетелік, 5 маусым күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Референдум аясында Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

Аудандық қоғамдық штаб мүшелері білім саласының қызметкерлерімен кездесіп, еліміздегі өткелі жатқан референдумның саяси мәніне тереңнен талдау жасап түсіндірді. «Алдағы референдум – мемлекетіміздің болашағын айқындайтын тарихи процесс. Конституцияға ұсынылып отырған түзетулердің ел үшін маңызы зор, олар қазір белсенді трансформация кезеңіне өтіп жатқан қоғамға бағдарланған»,- деді штаб төрағасы Біржан Әлімбет. Кездесуге қатысқан білім саласының өкілдері референдум өткізу мәселесі бойынша өз көзқарастарын білдіріп, билік тармақтары арасындағы қатынастарда конституциялық реформаның рөлін, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуді талқылады.

Аудан жастары референдумды қолдау мақсатында жастар акциясын өткізді. Акцияға аудандық штаб мүшесі Л.Харченко қатысып, ағымдағы жылдың 5 маусымы өтетін республикалық референдум туралы түсінік беріп, Ата заңның кейбір баптарына енгізілетін өзгерістер туралы толық ақпаратпен бөлісті. Акцияға қатысушылар аудан жастарын референдумға жаппай қатысуға шақырды. Айта кетейік, елімізде «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң 1995 жылдың қарашасында қабылданған.

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес бүгін аудандық штабтың мүшелері Г.Алимжанов және С.Аманбаев Ноғайбай ауылдық округінің тұрғындарымен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңыздылығын таныстыру және түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Штаб мүшелері референдумның мақсаттарын және конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндіріп, қатысушыларға конституциялық реформалардың бағыттары жайлы айтып өтіп, суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып президенттік республика моделіне өту, биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу, парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жайында баяндап өтті.

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес облыстық штабтың мүшесі Л.Буларов «Гринвилл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңыздылығын таныстыру және түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Айта кетейік Ата заңға енгізілетін өзгерістер бойынша Қазақстан супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар Президенттік формаға көшпек. Президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салынады. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылатын болады. Сенаттағы президенттік квота қысқарады, Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады. Депутатты сайлаушылардың өтініші бойынша қайтарып алуға болады. Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алынып тасталады. Түзетулердің маңызды блогы құқық қорғау саласына, мысалы, Конституциялық сот құруға, адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін конституциялық деңгейде бекітуге, өлім жазасына сөзсіз тыйым салуға қатысты болмақ. Бұл түзетулер Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталған.
Еңбек ұжымымен кездесу барысында еліміздің бас құжатына енгіліп жатқан өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіріп берген штаб мүшесі Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы екендігін айтып, саяси науқанға бейжай қарамауға шақырды. «Референдум іс жүзінде бізге жаңа Конституцияны береді. Халықтың араласуымен болған іс оңды болмақ. Мемлекеттің негізгі құқықтық құжатын тұрғындардың өздері қабылдайды. Дауыс беру арқылы халық өз болашағын шешеді. Міне, референдумның маңыздылығы осында. Сондықтан 5 маусымға белгіленіп отырған шараға бір кісідей жұмылып, дауыс беруге қатысайық», — деді Л.Буларов.

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес республикалық штаб мүшесі К.Закарья, аудандық штабтың мүшелері С.Насыров және Д.Амреев Қордай ауылдық округінің Цемзауыт ықшам ауданының тұрғындарымен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңыздылығын таныстыру және түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар ұсынылып отырған жаңа енгізілімдерге талдау жасады, конституциялық реформаның маңыздылығын, оның ішінде азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту мәселелерін талқылады.
Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтады.

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес штаб төрағасы М.Күзербаев Степной ауылдық округінің тұрғындарымен санаулы күндерден кейін өтетін жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңыздылығын түсіндіру бойынша кездесті. Штаб мүшелері Президенттің 2022 жылғы 5 мамырда референдум өткізу туралы Жарлығына қол қойылғанын атап өтті. Кездесу барысында реформаның бағыттары туралы тікелей түсініктеме берілді. Олардың ішінде – Парламенттің рөлін күшейту, президенттік республикаға көшу және тағы басқа. Сондай-ақ, пікір плюрализмі, мемлекеттің саяси жүйесін жаңғырту, қарапайым азаматтардың мәселелерін шешу қаншалықты маңызды екені айтылды.

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес облыстық штабтың мүшесі З.Кадырбекова және аудандық штабтың мүшесі А.Байбеков Қаракемер ауылдық округінің тұрғындарымен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңыздылығын таныстыру және түсіндіру бойынша кездесу өткізді. «Реформаның мақсаты — мемлекеттік биліктің барлық құрылымдарының жұмысын жақсарту. Өзгерістер іргелі сипатқа ие және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшудеміз. Сондай-ақ, бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің айқын көрінісі болады. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтады»,-деді штаб мүшелері. Ауылдық округ тұрғындары да өз кезегінде еліміздің басты құжатына енгізілгелі жатқан тың өзгестерді қолдайтындарын жеткізіп, санаулы күндерден кейін болатын саяси науқанға белсене қатысатындарын айтты.

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес аудандық штабтың мүшелері А.Идыбо және И.Бицаров Масанчи ауылдық округінің тұрғындарымен 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңыздылығын таныстыру және түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында алдағы өзгерістер туралы, негізгі заңға енгізілген түзетулер ел болашағына елеулі әсер ететіндігі туралы толық түсініктеме берілді.
Конституцияның 33 бабы өзгертілетін болады, оның ішінде президенттің өкілеттігі қысқартылады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі едәуір күшейтіледі, азаматтардың қатысуы елеулі түрде кеңейтіледі және құқық қорғау саласы нығайтылады. Реформалар атқарушы органдар басшыларының өкілді билік пен жергілікті қоғамдастықпен байланысын күшейтеді. Конституцияда жер, оның қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі және басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екендігі туралы норма түпкілікті және біржақты бекітілген.Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Кездесу соңында штаб мүшелері азаматтарды мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен жалпыұлттық референдумды қолдауға шақырды.

«Amanat» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес партиялық штабтың мүшелері К.Увалиева және Г.Алимжанов халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен 5 маусымға белгіленген жалпыхалықтық референдумның өзектілігін түсіндіру, Ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістерді таныстыру мақсатында кездесу өткізді. Штаб мүшелері референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатынын жеткізіп, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Конституциясына енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды. «Конституциялық түзетулер тағдырлы мәнге ие, ал референдум жариялау – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі»,-деді штаб мүшелері. Орталық қызметкерлері тарихи маңызы зор саяси науқанға бір кісідей атсалысып, дауыс беруге келетіндерін жеткізді.

Санаулы күндерден кейін өтетін референдумды қолдау жөніндегі Қордай аудандық қоғамдық штаб мүшелері Б.Асубаев, А.Лейко, аудандық штаб мүшесі Л.Харченко «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында конституциялық реформалар заман талабына сай және маңызды саяси бастама екені айтылды. Сондай-ақ, штаб мүшелері Конституциялық реформаларды түсіндіріп, Мемлекет басшысының елімізде орын алған проблемаларды түбегейлі шешу және алдағы уақытта орнықты дамуы үшін Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынғанын айтты. «Еліміздің келешегі бүкілхалықтық дауыс берумен анықталады. Сондықтан біртұтас ел болып, референдумға баршамыз атсалысып, дауыс берейік»,-деді.

Өздеріңіз білетіндей, кәсіпкерлер – саяси белсенді, саналы, еліміздің тағдырына алаңдайтын қоғамның бір бөлігі. Бұл күндері Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының және аудандық филиалдарының қызметкерлері күн сайын сауда нүктелерін, базарларды, қонақ үйлерді, дәмханалар мен мейрамханаларды аралап, кәсіпкерлермен кездесіп, 5 маусымда өтетін республикалық референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Еліміздің іргелі заңына ұсынылып отырған өзгертулер мен толықтырулар жобасының негізгі тезистерін түсіндіріп жүрген жұмыс тобы кәсіпкерлерге референдумға шақырту алды ма, өз сайлау учаскесін біледі ме деген сауалдар қойды.
Күні кеше ғана облыстық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Талғат Сәрсембаев пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Ержан Әден облыстық және аудандық кеңестің ұйымдастыруымен өткен семинарға қатысып, санаулы күндерден кейін болатын саяси науқанға кәсіпкерлердің дайындығын пысықтады. Аудандық іскер әйелдер кеңесі Қордай ауылының орталығындағы бірқатар дүкендерді, дәріханаларды, базар мен дәмханаларды аралап, кәсіпкерлермен алдағы референдум туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізгендігін, барлығын сайлауға белсенді қатысуға шақырғандықтарын жеткізді. Семинарға қатысушылар бірауыздан референдумды қолдайтындарын және Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруге дайын екендерін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.