Ел экономикасының дамуына зор ықпал

0

Жамбыл облыстық халықтық штаб мүшесі Айман Ашимова Сортөбе ауылдық ауруханасында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы түсініктеме беріліп, кездесу барысында АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум турасында да сөз болды.

Штаб мүшесі елімізде АЭС салу бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асуының бірден-бір дәлелі болып табылады және ел экономикасының дамуына өз үлесін қосатындығын жеткізді. Медицина қзыметкерлері АЭС салу бойынша өздерін толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшелерінен тиісті жауаптарын алды. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты халық таңдауын жасауы үшін референдум өткізуді тапсырған болатын. Салынған жағдайда энергия өндірумен қатар, көптеген тұрғындарға тұрақты жұмыс орны ашылатыны және жылу үшін пайдаланылатын отыннан шығатын зияндылықтардан құтылатынымыз да осы жиында кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң әсер етіп, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік беретіні айтылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.