ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫ

0

Сайлау науқаны кезінде Қордай ауданында «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуі үшін еңбек еткен белсенділер партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Алғысқа бөленгендер қатарында партия ардагерлерінен бастап сайлауалды штаб мүшелері, мәслихат депутаттары, түрлі сала қызметкерлері және де жасотандықтар бар. Сайлауға бір кісідей атсалысқан белсенділер еңбегінің еленгеніне дән риза.

Салтанатты шара өткен жұмада аудандық Мәдениет үйінде өтті. ҚР-ның Мәдениет саласының үздігі Қарлығаш Қожағазина және өзге де өнер иелері ән айтып, би билеп сол күнгі марапат иелеріне керемет көңіл күй сыйлады. Жиында «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай барша нұротандықтарды жеңісімен құттықтап, осы маңызды іске атсалысқан барша азаматтарға алғысын айтты.

Біз барлығымыз бір ай бойы тынымсыз еңбек еттік. Партияның сайлауалды штабының мүшелері, кандидаттар, осы іске демеушілік көрсеткен партия жанашырлары, сенімді өкілдер, ақыл-кеңесін берген ардагерлер және де белсенді жастарымыздың арқасында үлкен жетістікке жеттік деп айтуға толық негіз бар. Осы азаматтардың барлығына үлкен алғысымды айтамын. Ауқымды жұмысың нәтижесінде 72323 азамат немесе тұрғындардың 81,1 пайызы сайлауға қатысты. Ал, оның 61830 азаматы немесе 85,5 пайызы еліміздің жетекші партиясына дауыс беріп, сенімін артты. Ендігі ретте біздер осы үлкен міндетті абыроймен атқаруымыз керек. Әрине, қажырлы еңбектің, атқарған қызметтің бағалануы үлкен құрмет. Марапаттарыңыз құтты болсын, — деді өз сөзінде Дамира Маратқызы.

Елбасының «Алғыс хаты» Қордай ауданының 122 азаматына бұйырды. Олардың қатарында сайлауалды штабының мүшелері мен кандидаттар, игі іске қаржысын аямаған демеушілер мен сенімді өкілдер болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.