ЕЛДІГІМІЗДІ ДӘРІПТЕЙТІН КҮН

0

Құрметті  жерлестер! Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлт ұясы Ұлытау жерінде өткен құрылтайда: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Қазанның 25 күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз қажет», — деді.

Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті болсын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, зор жетістіктер тілеймін!

 

Құрметпен, Қордай аудандық

мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.