ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

0

Электр жүйелері мен жабдықтары жоғары өрт қауіптілігін тудыратыны ешкімге құпия емес. Қыстың аса суық күндері  кезінде тұрғындар элетротехникалық және жылыту құралдарын белсене пайдалана бастайды, нәтижесінде аталған кезеңдегі өрттердің басым бөлігі дәстүрлі түрде электротехникалық себептерден және пештер мен түтіндіктердің ақаулығы немесе оларды дұрыс қолданбауға байланысты себептерден орын алады.

Тұрғын үйлердің өртке қарсы жағдайын талдау олардың қауіпсіз қолданылуы негізінен электр жабдықтары, электрқондырғылары мен құралдарының техникалық жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жалпы әдісі, сонымен қатар электр жабдықтарының өрт қауіпсіздігінің жеке әдісі жану көзінің пайда болу қауіпін, тез жанғыш ортаның, өрттің таралу жолдарының пайда болуын жоюды немесе шектеуді көздейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарымен элетротехникалық және жылыту қондырғыларын құру мен пайдалану кезінде орындалатын ережелер белгіленген, оларды орындау өзіңді өрттің пайда болу қауіпінен барынша қауіпсіздендіру мүмкіндігін береді.

Электр құралдарын пайдаланған кезде:

— электр қуатын қабылдағыштарды (электр құралдарын) оларды дайындаушы мекемелердің нұсқаулықтары талаптарына сәйкес келмейтін немесе ақаулығы бар болған жағдайларда қолдануға, сонымен қатар зақымданған немесе қорғағыш белгілерін жоғалтқан оқшаулаулары бар электр сымдары мен кабелдерін пайдалануға;

— тежегіштердің балқығыш ендірмелері жанып кеткен жағдайда қолдан жасалған  ендірмелерді қоюға болмайды, бұл барлық электр сымдарының қызып кетуіне, олардың қысқа тұйықталуына және өрттің пайда болуына әкеліп соғады;

— ашық электр сымдарын бояуға немесе үстінен түс қағаз жапсыруға;

— ақаулы ажыратқыштарды, розеткалар мен патрондарды қолдануға;

— электр шамдарын жанғыш материалдардан жасалған абажурлармен жабуға;

— жылу реттегіші жоқ немесе ақаулы электр жылытқыш құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуін, олардың қатты қызып кетуі мен өтпелі қарсылығын болдырмау үшін жоғары қуатты бірнеше электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды.

Жиі түрде өрттің себептері — қосылып, қараусыз қалған электр жылытқыш құралдарының (электр плиталары, су қайнатқыштар, каминдер, үтіктер, грелкалар) жанында орналасқан жанғыш заттардың тұтануы болып табылады.

Қосылған электр жылытқыш құралдары жылуды сақтайтын жанбайтын қойғыштарға орнатылуы қажет.

Сымдардың оқшауларының кеуіп кетуі мен зақымдалуының алдын алу үшін оларды жылитын жерлердің (пештер, түтіндіктер, жылыту батареялары, т.б.) бетімен жүргізуге болмайды.

Үйден ұзақ уақытқа кеткен кезде электр жылытқыш және жарық бергіш құралдардың өшірілгендігін тексеріп, көз жеткізген жөн.

А.Әбіш, Қордай ауданы ТЖБ бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.