Қордай ауданының Статистика басқармасы — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің құрылымдық басқармасы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері Мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес статистикалық көрсеткіштерді жинау, өңдеу және қалыптастыру, орындалатын жұмыстардың сапасын арттыру, статистикалық ақпаратты тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатындағы әрекеттердің нәтижелігін күшейту болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру және халық арасында мемлекеттік қызметшіге деген оң көзқарасты қалыптастыру болып отыр. Осы орайда олар өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады. Мерекенің басты мақсаты – мемлекеттік орындарда қызмет істейтін азаматтардың жұмысқа деген ынта-жігерін арттыру, жылдар бойы сіңірген еңбегін назардан тыс қалдырмай марапаттау, елге талмай еңбек етіп жатқан қызметшінің шығармашылығына шабыт беру, халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түсу қажет. Мәселен, біздің басқармадан 6 қызметкер зейнетке шықты, оның ішінде біреуі Қордай ауданының «Құрметті азаматы». Қазіргі уақытта 8 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 2 көпбалалы ана және 4 интервьюер еңбек етеді. Статистика саласында 20 жыл жұмыс атқарып жатқан қызметкерлер де бар. Бұл азаматтар алдағы уақытта өз жұмысын жандандыруға, мелекеттік қызмет абыройын арттыруға бар күшін салады деп сенеміз.