Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттанудың жыл сайынғы эпидемиологиялық маусымы басталды. Жыл сайын республикада 4-5 млн ЖРВИ және 2 мыңға дейін тұмау оқиғасы тіркеледі. Министрлік тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиологиялық жағдайына апта сайын мониторинг жүргізеді. Биылғы қыркүйек айында республикада 544 368 ЖРВИ жағдайы тіркелді, өткен жылдағы қыркүйек айымен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 27% -ға төмендегені байқалады. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде хабарлады.