ЕЛІМІЗДЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ЖАЛҒАСУДА

0

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жалғасуда. Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен — 30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

Сыртқы саясат және инвестициялар;

Экономикалық және қаржылық саясат;

Цифрландыру;

Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

Құжаттарды қабылдау;

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

Ситуациялық тапсырмаларды шешу;

Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);

Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;

Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.