ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ АЙҚЫН

0

Өткен аптада «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Б.Жамангозовтың басшылығымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтіп, алқалы жиынға Қордай ауданының әкімі Б.Болатбеков және бюро мүшелері қатысты.

 

Саяси бюроның күн тәртібіне қойылған сұрақтарды қарастыруға көшкен Б.Жамангозов алғысөзді алып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауы туралы ауқымды баяндама жасады. Өз сөзінде Б.Жамангозов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»  атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауы алдағы атқаратын жұмыстарымыздың бағытын айқындап, бағдарымызды көрсетіп бергенін атап өтіп, маңызды құжаттың бірнеше жеріне тоқталып өтті. Жиынға қатысушылар Президенттің Жолдауы біздің қоғамға үлкен өзгерістер алып келетініне сенетіндерін жеткізді.

Келесі кезекте «АМАNАТ» партиясы Қордай аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қ.Увалиева Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері туралы ұсыныстарын айтып, жиналысқа қатысушылар ұсынысты мақұлдады.

Осыдан кейін аудан әкімі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Аудан экономикасының әр саласына тоқталып өткен Б.Болатбеков аграрлық секторға ерекше көңіл аударды. Сонымен қатар, аудан басшысы Президент Жолдауынан туындайтын маңызды мәселелерге назар қойып, оның орындалуы баршамызға міндет екенін атап өтті.

Жиын соңында бюро мүшелері партия аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросы отырысы қаулысының жобасын мақұлдап, бірауыздан бекітті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.