ЕЛІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІ БИІК, МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛҒАЙ!

0

Құрметті жерлестер, қадірлі ағайындар! 

Сіздерді мемлекетіміздің ең ұлық мейрамы — Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

16 желтоқсан — ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан қасиетті де қастерлі күн.

Тәуелсіздікті алған сәттен бастап Қазақстан жаңа жетістіктер және табысты өзгертулермен тамаша жалғастырып, үлкен жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік жылдарының ішінде біз әлемдік құрмет пен үлкен белестерге қол жеткіздік.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тұрмысын жақсартудағы тапсырмаларын орындау арқылы, біз алдағы уақытта ауданымыздың жоспарлары мен мақсат-міндеттеріне орай аймақ дамуындағы өзекті мәселелерді бірлесе шешіп, Қазақстанның гүлденуіне әрімен қарай үлес қосамыз, деп сенеміз.

Осы уақыт аралығында Қазақстан – шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

Тәуелсіздік туы желбіреген жылдары қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған қасиетті Қордай елі де өз үлесін қосып келеді. Аудан экономикасы жыл сайын өсіп, ауыл шаруашылығы мен өндірісі қарқынды даму үстінде.

Биыл бірқатар ауылдарда халықтың көптен күткен қуанышы — табиғи газ іске қосылды. Қазір мыңдаған отбасы көгілдір отынның игілігін көруде. Оған қоса, Тәуелсіздік алғаннан бері Қордай ауданында әлеуметтік-экономикалық сала бойынша көптеген өзекті мәселелер шешімін тауып, ауқымды істер еңсерілгеніне халық куә.

Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама, игі істер бар. Білім ошақтары жаңарып, денсаулық саласы жанданып, мәдениет пен өнеріміз өрлеп, спорт саңлақтарымыз әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Биыл аудан бойынша көптеген игілікті жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде білім саласында жаңа мектептер бой көтеріп, денсаулық сақтау нысандары ашылды. «Асарлатып үй салу» бойынша да ізгілікті істер қолға алынуда.

Құрметті қордайлықтар!

Ауданымыздың барлық саласында қол жеткізген толағай табыстар мен жетістіктер, игілікті істер алдағы уақытта да жарасымды жалғасын таба бермек.

Шуағын шашқан шырайлы мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын. Тәуелсіз еліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болғай! Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасының амандығын тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.