ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДІ ТҰТЫНУДЫҢ ЖОЛЫ

0

Our World in Data мәліметінше, Қазақстан, энергияны өте көп тұтынады. 2022 жылы жан басына шаққанда 44,7 мың кВт/сағ болған. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Анықтама үшін айтар болсақ, дүниежүзілік орташа көрсеткіш жан басына шаққанда 21 мың кВт/сағат. Еуропа елдеріндегі бұл көрсеткіш – 38,2 мың кВт/сағат, Азия елдерінде – 19,1 мың кВт/сағат.

ТМД және Орталық Азия елдері арасында энергия тұтыну деңгейі біздің елмен салыстырғанда Түрікменстанда (жан басына шаққанда 71,4 мың кВт/сағ) және Ресейде (55,5 мың кВт/сағ) жоғары, Беларусьте (31,1 мың кВт/сағ) айтарлықтай төмен. Өзге елдердегі көрсеткіш мынадай – Әзербайжанда – 18,7 мың кВт/сағ, Өзбекстанда – 16,9 мың кВт/сағ және Украинада – 16,3 мың кВт/сағ.

2021 жылғы деректерге қарағанда, Грузия (жан басына 20,8 мың кВт/сағ), Армения (17,7 мың кВт/сағ), Молдова (16 мың кВт/сағ), Қырғызстан (9,3 мың кВт/сағ) және Тәжікстан (7,7 мың кВт/сағ) елдері де айтарлықтай төмен деңгейде тұтынған.

Сонымен қатар Қазақстанда электр қуатының бағасы дәстүрлі түрде төмен: Қазақстан – бұл жағынан ең арзан елдердің бірі. World Population Review мәліметінше, биыл республикада 1 кВт/сағ электр энергиясының құны небәрі – 0,05 доллар, яғни 23 теңге шамасында болды. Айта кетейік, бұл – электр энергиясына орташа сату тарифі. Халық үшін құны одан да төмен: 1 кВт/сағ үшін – шамамен 17-18 теңге, яғни 0,04 доллардан аз.

Қырғызстанда (кВт/сағ үшін 0,01 доллар), Өзбекстанда (0,03 доллар), Украинада (0,04 доллар), Әзербайжанда (0,05 доллар) және Ресейде (0,06 доллар) тарифтер де төмен. Көрсеткіштер Беларусьте (0,09 доллар), Арменияда (0,1 доллар) және Молдовада (0,12 доллар) айтарлықтай жоғары.

Әлемдегі электр энергиясы ең қымбат елдер – Дания (0,53 доллар), Германия (0,52 доллар) және Ұлыбритания (0,47 доллар), бұл біздің елге қарағанда тиісінше 11, 10 және 9 есе жоғары.

Ranking сарапшыларының айтуынша, өкінішке қарай, көпшілік арзан игілікті үнемдемейді. Қазақстанда, жалпы, су, газ, жылу болсын, коммуналдық қызметтерді үнемдеу әдеті жоқ, электр қуатының жағдайы да сондай.

«Ысырап ету тұтынушылардың қалтасына да, экологиялық жағдай мен елдің болашағына да өте зиянды. Елімізде электр энергиясының тарифтері көтеріледі: республика, бүкіл әлем сияқты, экономиканы көміртексіздендіруге міндеттеме алды, ал «жасыл» энергияға көшу кез келген жағдайда бағаның айтарлықтай өсуіне әкеледі. Бірақ бағаны есепке алмағанның өзінде энергияны жауапсыз тұтыну қоршаған ортаның әл-ауқатына, соның салдарынан халықтың денсаулығы мен өміріне қысым жасайды», делінген.

Сарапшылардың қуатты тұтынуды ақылға қонымды іске асыруы бойынша мынадай ұсыныстары бар:

Жарықдиодты шамдарға ауысу – олар үнемді ғана емес, сонымен қатар экологиялық таза;

Жарықтандыруды оңтайландыру және қуат тұтынуды азайту үшін жарықты реттеңіз;

Керек емес жерлерде жарықты өшіруді ұмытпаңыз және бір уақытта бірнеше жарық көзін пайдаланбаңыз;

Тиімді жылыту жылу мен қуат шығындарын азайтады. Үй-жайларды оқшаулаңыз, терезелердің тығыздығын тексеріңіз және ескірген батереяларды ауыстырыңыз;

Суды үнемдеңіз: оны дайындау, жылыту және тарату айтарлықтай энергияны қажет етеді. Суды үнемдеудің арқасында энергия тұтынуды да азайтуға болады;

Кір жуғыш машиналарды жоғарғы қуат тиімділігімен басқарыңыз және оларды оңтайлы үнемдеу үшін рұқсат етілген максимумды толтырыңыз. Бұл ыдыс жуғыштарға да қатысты;

Ыдыстардың сәйкес өлшемдері мен қақпақтарын таңдау арқылы электр пешін тиімді пайдаланыңыз;

Қуат шығынын азайту үшін қажет көлемдегі электр шәйнектерін таңдаңыз;

Жалпы алғанда, А, А+ және А++ жоғары қуат тиімділігі рейтингтері бар құрылғыларды сатып алыңыз. Тұрмыстық техниканы заманауи құрылғылармен ауыстыру энергияны тұтынуды 40 пайызға азайтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.