Қордай ауданының барлық референдум учаскелерінде азаматтардың еркін түрде таңдау жасауына толық мүмкіндік қарастырылған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жағдайлар жасалған, бұл олардың да саяси шараға қатысуына ықпал етті.
Өз конституциялық құқығын пайдаланғандардың бірі Қордай ауылының тұрғыны – Хахар Рамазан. Ол көру және есту қабілетінен айырылса да, жалпыхалықтық саяси шарадан қалыс қалмай, №240 референдум учаскесіне келіп, өз дауысын берді. Хахар Рамазанның бұл әрекеті азаматтық борышын орындауға деген жоғары жауапкершілікті көрсетеді.