Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс

0

Біз бүгінгі таңда арнайы білім беруді қажет ететін балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамға бейімдеу бағытында жұмыс атқарамыз. Сөйлеу тілінде, зерде бұзылысы бар, психикалық дамуы тежелген эмоционалды ерік әрекетінде және мінез құлқында бұзылысы бар балалармен жұмыс істейміз. Негізгі мақсат – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға зерттеу жасау, олардың мүмкіндіктерін анықтай отырып жеке сабақ түрін ұйымдастыру, заманауи әдіс-тәсілдердің көмегімен балаға түзету сабақтарын ұсыну. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімдеу, баланың танымдылық қабілетін дамыту және ең негізгісі бұл қоршаған ортаны танып қабылдау қиындықтарын алдын алу. Олигофренопедагог ретінде баланы ең бірінші кезекте әлеуметтік тұрмыстық дағдыларына қалыптастыруды үйрету. Яғни бала өзін қоғамдық ортада қалай ұстау керек, әдеп, дағды түсініктерін негізге ала отырып, қоғамдастыруға қалыптастыру.

Бізге қайырылған ерекше балалар зейіні өте шашыраңқы болып келеді, сабақта тез шаршайды. Сондықтан, әрбір сабақта балаларды демалта отырып, сабақты ойын арқылы қызықтырып, физикалық дамуын, оқуын, жазуын ұйымдастырамыз.
Мысалы Нумикон әдісі – арқылы қосу, азайту амалдары, тақ сан мен жұп санды ажырату, сандық құрамды анықтау, салыстыру амалдары, бөлу, көбейту, ондық санды анықтау, уақытты бағдарлауды және балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруға болады. Нумиконда 1-ден 10-ға дейінгі сандар әр түрлі түсте пластмасс шаблонды кесінділермен (паттерны) берілген, сол себепті сандар көру арқылы және тактильді қабылдауына өте тиімді. Текшелер мен түтікшелермен ойындар ұйымдастыру (құмға тығу, судан аулау, ермексаздың бетіне бастыру) ойын ойнау арқылы балалар түріне, түсіне, пішініне назар аударады. Құрастыра отырып, бала өзінің іс-әрекетін, нені құрастырып отырғанын, қандай түстерді таңдағанын әңгімелеу арқылы сөздік қоры молайып, байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптасады. Баланың сөздік қоры «ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кішкентай, артық-кем, аз-көп, үстінде-астында, оң жағында-сол жағында» деген сөздермен толықтырылады.
Құм терапиясы арқылы баланың сенсорлық және психомоторлы, сондай-ақ, ақыл ой интеллектісін, ойлау, есте сақтау, қиялын, анализ-синтез функцияларын дамытуда осы құм терапияның алатын орны ерекше. Құммен ойын-балалардың эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал бола отырып, баланың ұсақ моторикасын дамытады.
Ерекше балалар әрқашан қайталауды қажет етеді, себебі бүгін сабақта үйренген дағдыны ертең ұмытып қалатыны да бар. Осы жағдайды ескере отырып, олигрофренопедагог маманының бойында білім мен біліктілікпен қатар, әрқашанда сабырлық, жылдамдылық, ұқыптылық, мейрімділік болу қажет.
Әрбір ерекше баланың ата-анасына психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік бағытта, ерекше балалармен үй жағдайында дамыту, білім беру, оқыту, сондай-ақ баламен болатын түрлі психологиядық тұрғыда қиындықтардың алдын алу және сол проблемаларды шешу бағыты бойынша кеңес беремін. Біздің психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне келген әрбір балаға кешенді түрде көмек көрсетіліп, оны нәтижеге жеткізуге және дамыту үшін біздің есігіміз әрқашан ашық.
Психолоогиялық-педагогикалық түзету каби-неті мына мекенжайда орналасқан: Қордай ауылы , Жібек жолы № 300 үй.
Байланыс телефоны: 4-51-93, 87759134445.

Динара АБДАЛИНОВА,
психологиялық-педагогикалық
түзету кабинетінің маманы, дефектолог- олигофренопедагогы

Leave A Reply

Your email address will not be published.