Қордай ауданының Қаракемер ауылынан шыққан жас боксшы Ерхан Тұрдан Испанияда өткен беделді халықаралық «BOXAM 2025» турнирінде жеңіске жетіп, 57 кг дейінгі салмақта чемпион атанды.
Турнир әлемнің мықты боксшылары қатысатын дәстүрлі жарыстардың бірі болып табылады. Ерхан финалдық жекпе-жекте қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ол жарыс барысында техникалық шеберлігімен, соққы дәлдігімен және төзімділігімен көзге түсті.
Ерхан Тұрдан – Қордай өңірінің мақтанышы, болашағынан зор үміт күттіретін спортшы. Бұған дейін де ол ел біріншіліктерінде топ жарып, өз салмағында үздік нәтиже көрсеткен болатын.
Бұл жеңіс – қазақ боксының халықаралық деңгейде тағы бір мәрте мойындалғанының дәлелі.
Ерхан Тұрданға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!