ЕРЛІК – ЕЛДІҢ ТУЫ

0

«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» деген халық даналығының бекерге айтылмағаны рас. Халқымыз қашан да қаһарман ұлдарын қастерлеп, пана тұтқан. Ал осы батырлық, ерлік сынды қасиеттер Ауған соғысында ерлікпен шайқасқан жауынгер-интернационалистердің бір бойына артығымен дарыған. Жас жеткіншектерді ерте ер жеткізген табиғаты бөлек соғыс тарих бетінен өз орнын алды. Десе де, жат жерде жер жастанған жауынгерлердің туыстарының, әсіресе аналарының көз жасы әлі кебе қойған жоқ…

 

Бейсенбі күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай орталық алаңда ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға аудан басшылығы, ауыл тұрғындары және жастар көптеп жиналды. Солардың қатарында бүгінде самайларын ақ шалған қайсар батырларымызды да байқадық. Сонау 1979 жылдың желтоқсанында басталған бұл қасірет тура он жылға созылып, талайға тайғақ кештірді. Қаншама отбасының шаңырағы шайқалып, қаншасы қаралы қағаз алды. Бір ғана Қордайдың өзінде олардың саны он екі…

Шараға жиналғандар қаза болған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, Ауған соғысында ерлікпен қаза болған жауынгерлер ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.