ЕСІРТКІ — ҚОҒАМ ҚАСІРЕТІ

0

Қордай ауданы прокуратурасы қазіргі уақыттағы халық денсаулығына қарсы, қылмыстық заңнаманың қатаңдауына қарамастан есірткі заттарымен жұмыс істеудің саны артқаны туралы ескертеді. Осылайша, халық денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Осы ретте азаматтарға, жалпы ата-аналарға балаларыңыздың бос уақытты қалай өткізетініне, араласатын ортасына мұқият болуға шақырады.

Нашақорлық — қоғам дерті ғасыр індеттерінің бірі. Нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген, шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.

Нашақорлық — наркомания (грек тілінен narke — мелшию және mania — ессіздік, құтырыну) — есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады.

Қазіргі таңда аса ірі көлемде есірткі контробандасы үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан кәмелетке толмағандарды екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға әкеп соғады және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша іске асырылады.

Есірткі — бұл адамның көңіл — күйін, сана — сезімін, мінез — құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді. Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық.

Өмір — өмір сүру үшін беріледі. Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар. Нашақорлық — бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.

Есірткі — химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:

— таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар (марихуана, гашиш,саңырауқұлақтар)

— химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар (гашиш майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);

— синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

Адамның әрекеттерінде, ой – сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатыны мыналар: апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини. Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады. «Денсаулық-зор байлық».

Дені сау ұрпақ болу үшін:

1.Спортпен айналысу керек

  1. Салауатты өмір салтын ұстану
  2. Дұрыс дәруменді тағамдармен тамақтану
  3. Жеке бас тазалығын сақтау
  4. Өзін-өзін сыйлау, таза ауада болу қажет.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»!

Қордай ауданының

Прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.