Қордай аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік іс материалдарына сәйкес азамат Н. 20.07.2024 жылы түнгі сағат 01:49 минутта, «AUDI 100» маркалы автокөлігін есірткіден масаң күйінде басқарған.
Сотта құқықбұзушы Н. достарымен кездесіп, қарасора есірткісін тауып алып шеккенін, содан достарын автокөлігімен үйлеріне жеткізуге шыққанда полиция қызметкерлері тоқтатқанын айтып, өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген.
Сот қаулысымен құқықбұзушы Н-ға 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі