ЕСКЕРТКІШ ЖАҢАРТЫЛУДА

0

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштер маңызды тарихи нысан ғана емес, ата-бабаларымыздың тарихы мен ерліктеріне қызығатын кез келген адам үшін айырықша орын. Бүгінде барлық жерде Жеңістің 80 жылдығына дайындық қызу жүріп жатыр. Дайындық бағыттарының бірі – ескерткіштерді қайта жаңғырту.

Қордай ауданында Ұлы Отан соғысына арналған 31 ескерткіш бар. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы ескерткіштің орнатылғанына жарты ғасырға жуықтады.

«Жылдағыдай мұнда бүкіл ауыл жиналады. Жастардың көп болғаны бізді қуантады. Туыстары Ұлы Отан соғысына қатысқандардың барлығы келеді. Жаңғырту жұмыстары естелікті сақтап қана қоймай, тарихи орынға ерекше сән қосатынына сенімдіміз», — дейді жергілікті тұрғындар.

Жұмыстар сәуір айының басында басталып, айдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бұл мақсатқа 6,7 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер «Береке» ЖК нысанның жөндеу жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды көздеп отыр.

Анжела ИЗАЕВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.