ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

0

12 қаңтар аса көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССРнің ғылым академиясының академигі, қазақтың біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні.

Осы ретте Жамбыл жұртшылығы облыс орталығында орналасқан тау тұлғаның қоладан құйылған еңселі ескерткішіне жиналып, гүл шоқтарын қойды. Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған лауазымды сала басшылары мен бірқатар зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың облыстық бөлімшесі алдында бой көтерген ескерткіш заңғар тұлғаның 110 жылдық мерейтойы қарсаңында салтанатты түрде ашылған болатын. Ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метрді құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.