Ескерткіштер – ел тарихы

0

Тазалық – мекен шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен бастау алып, бүкіл ел аумағында жалғасқан кең ауқымды шараға айналды. Негізгі мақсаты – табиғатты тазарту ғана емес, халық арасында жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру болатын. Мемлекет басшысы қолдаған бұл игі істі қоғамның барлық өкілдері, әсіресе жастар жағы жылы қабылдап, жаппай атсалысты. Нәтижесінде аз ғана уақыт ішінде миллиондаған қазақстандықтар тазалық шараларына үлес қосып, туған өлкесінің экологиясын жақсартуға өз қол ұшын созды.

Бұл ретте, Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың тапсырмасымен, Қордай асуында орналасқан Қордай батыр ескерткіші маңайына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тазалық шарасына қатысушылар ескерткіш маңын қоқыстан арылтып, нысандарды сырлаумен айналысты.

«Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың бастамасымен қолға алынып отырған іс өте орынды. Шараға Алға және Кенен ауылдық округінің азаматтары, қоғамдық жұмыскерлері атсалысып, Қордай батыр ескерткішінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Әрбір елін-жерін сүйетін ұлтжанды азамат қоршаған ортаға деген қамқорлығын осы тазалық акциясына атсалысу арқылы көрсете алады. Осындай игі шаралар артқаны тазалықты ғана емес, ауылымызға деген сүйіспеншілікті де дәріптейді»,-дейді Алға ауылдық округінің әкімі Берік Әбілдаев.

Айта кетейік, ескерткіш 2002 жылы қызыл гранит тастан көлемді етіп жасалып, тас тұғырдың үстіне орнатылған. Ертеден жеткен аңыз-әңгімелердің желісі бойынша Қордай батыр І-ІІ ғ. көшпелі сақтар мен ғұндар заманында өмір сүрген.

Әділет САТЫШЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.