ЕСКЕРТКІШТЕРДІ САҚТАУ – БАСТЫ ПАРЫЗЫМЫЗ

0

Жыл сайын 18 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні атап өтіледі. Қордай жері тарихи орындар мен мәдени ескерткіштерге бай екені белгілі. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Осыған байланысты аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісі» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараны ескерткіштерді қорғау инспекторы А.Тохобаева жүргізіп, атаулы күннің маңызы мен құндылығына тоқталды.

 

Шараға ауылдық округтердегі ескерткіштерге жауапты мамандар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Басқосуда маңызды 3 мәселе қарастырылды. Атап айтқанда, аудан көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімі, монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидалары, ескерткіштердің құжаттамалары (тұрақты жер пайдалану мемлекеттік АКТ-сі және қорғау міндеттемелері). Сонымен қатар, тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді қорғауға байланысты мәселелер, ескерткіштерді қайта жөндеу, қалпына келтіру, теңгерімге алу, жаңғырту мәселелері талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.