ЭТНОМЕДИАЦИЯ – БІРЛІК КЕПІЛІ

0

Тараз қаласында этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел анықтауға, уақытылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қабілетті этномедиаторлар пулын қалыптастыру бойынша 5 күндік семинар-тренинг аяқталды.

 

Іс-шараға  медиаторлар, Жамбыл облысы құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының өкілдері қатысты. Қордай ауданынан кәсіби медиатор Людмила Щербинина және Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы  Индира Досова қатысып қайтты.

Семинар-тренинг ұйымдастырушысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болды. Қазақстан Республикасы Президентінің  тапсырмаларын жүзеге асыру аясында этномедиаторлар және келіссөз жүргізушілерді дайындау бойынша жаңа бағдарлама жасалған. Бұл жұмыс қазір қызу қолға алынған, осыдан бір жыл бұрын Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен Қолданбалы этникалық зерттеулер институты құрылды.

Тренерлер ретінде сабақтарды Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, заңгер Руслан Урумбаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілі Луиза Узарова, израильдік саясаттанушы Давид Эйдельман өткізді.

Семинар-тренинг барысында этномедиация негіздері, шиеленістердің сипаттамалық ерекшеліктері, этномедиаторлардың құзыреттіліктері, ықпал ету стильдері мен мінез-құлықтары, келіссөздер негіздері, жеке және тұлғалық қасиеттердің ерекшеліктері және олардың келіссөздер үдерісінің табыстылығына әсері,  сондай-ақ оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі және т.б. қарастырылды. Семинарға қатысушылар мобильді пікірталастарға, топтық жұмыс пен практикалық жұмыстарға белсенді қатысты.

Семинарға қатысушылар өз кезегінде тренерлер командасын алған білімдері ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталатынына сендірді.

 Людмила Щербинина,

Халықаралық құқықтық орталық республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі, кәсіби медиатор

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.