ФЕСТИВАЛДІ КЕНЕН АУЫЛЫ ӨНЕРПАЗДАРЫ ЖАЛҒАСТЫРДЫ

0

23 тамыз күні Қордай ауылындағы жасыл саябақта «Қордайым — құт мекенім» атты аудандық фестивальдің кезекті кезеңі Кенен ауылдық округінің өнерімен жалғасты.

 Бұл фестиваль ауданның мәдени-рухани өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналып, әр аптаның жұма күні Қордай ауылының орталық саябағында ұйымдастырылып келеді.

Кенен ауылдық округінің өнерпаздары өздерінің шығармашылықтарын паш ету үшін сахна төріне шығып, халық әндері, ұлттық билер және қазіргі заманғы эстрадалық шығармалар орындалды.

Фестивальдің басты ерекшелігі – оның әр аптаның соңында әр ауылдық округтердің қатысуымен жалғасын табуы. Жыл соңында ең үздік өнер көрсеткен округ арнайы жүлдемен марапатталады.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.