ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

0

Сәрсенбі күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Қордай аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция отырысы өткізілді. Оны «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангөзов жүргізді. Күн тәртібінде 2 сұрақ қаралды.

Бірінші — «AMANAT» партиясының Қордай аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 2024 жылы атқарған жұмыстары және депутаттық міндеттерін атқару болса, екіншісі — Қордай аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту болды.

Бірінші мәселе бойынша Бейқұт Тілебалдыұлы баяндама жасады. Онда «AMANAT» партиясы аудандық филиалының 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарына тоқталды.

Екінші мәселе бойынша келесі жылға жұмыс жоспарын фракция мүшелері талқылап, дауыс беріп, бекітті. Онда көбінесе депутаттық сауал мәселесі талқыланып, депутаттар өз тараптарынан партия төрағасына сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен, күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Отырыстан кейін «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы болды. Онда да күн тәртібінде 2 мәселе қаралып, хабарламашы бақылау комиссиясының төрайымы Қатира Уәлиева болды. Сондағы қаралған мәселелердің біріншісі — «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы болса, екіншісі аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.

Мадина УЗБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.