ГАЗ БАЛЛОНЫНАН ҚАУІП КӨП

0

Төтенше жағдайлар мамандары газ баллондарын пайдалану ережелерін сақтай отырып, өрттің өсуін болдырмауға болатынын еске салады. Мәселен, баллондарды тек мамандандырылған пункттерде толтыру қажет. Автокөлікке жанармай құю стансаларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға тыйым салынады. Екі қабаттан асатын көпқабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз және баллон корпусының қызуына жол бермеңіз. Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жауып, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр қуатын қоспау керек. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға болмайды. Балалардың газ құралдарын пайдалануына жол бермеңіз. Газдың шығуын тексеру үшін сабын ерітіндісін қолданыңыз, әрі газ жабдықтарын уақытылы тексеру және жөндеу қажет. Ақаулы жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады.

Газ баллонын суықтан жылы жерге кіргізіп, жылу көзінің жанына қоюға болмайтыды. Абай болыңыз, еліміз үшін әрбір өмір маңызды!

Leave A Reply

Your email address will not be published.