Генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев қорғаныс саласындағы жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы айтты

0

Сыбайлас жемқорлық – демократиялық бастауларға негізделген мемлекеттің заманға сай даму жолындағы басты кедергілердің бірі. Армиядағы сыбайлас жемқорлық көріністерін қоғам ауыр қабылдайды. Себебі әскер бүкіл ел мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қорғаны. Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою масқатында қабылданған шаралар  жөнінде Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Тимур ДӘНДІБАЕВПЕН әңгіме өрбітіп едік.

– Тимур Тұрарұлы, сыбайлас жемқорлықты «әлеуметтік кесел» атағаны кездейсоқтық емес. Қорғаныс министрлігінде осыған байланысты қандай әдістер қолданылып жатыр? Олар қаншалықты тиімді?

– Осы әлеуметтік кеселді жоюдың негізгі аспектісі және ең тиімді әдісі – алдын-алу. Армиядағы сыбайлас жемқорлықты жою үшін біз бірқатар іс-шаралар кешенін әзірледік. Біздегі құралдарды талдап, бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын белгіледік. Осы мақсатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, ақпарат алмасуға және әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Әскери полиция бас басқармасының құрылымында ішкі қауіпсіздік қызметіне берілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы қалпына келтірілді. Бұл күнделікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы «диагностикалау» бөлімшесі, өзіндік «комплаенс». Оның міндеттері –әскери қызметшілердің заңнама талаптарын сақтауы, талдау жұмысы, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен факторларын зерделеу, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Объективті қарау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қоғамда болдырмау үшін барлық гарнизондарда олардың бастықтары басқарумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялар құрылды. Олардың құрамына гарнизон әскери бөлімдерінің барлық командирлері кірді. Комиссия – өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыруда барлық дәрежедегі командирлерге көмек көрсетуде кеңес беруші орган.

Өткен жылы министр өз бұйрығымен зерттеуге міндетті болып саналатын басшылар мен мамандардың тізімін кеңейтті. 2020 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау, қатысы болу және жасыру анықталуына байланысты зерттеліп отырған 331 кандидаттың 124-і (38 пайызы) қаралатын лауазымдарға тағайындалмады.

– Сіздер сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар санының динамикасын қадағалайсыз ба?

– Біз тек динамиканы ғана емес, сондай-ақ әрбір осындай жағдайды егжей-тегжейлі қарастырамыз. Сандардың азаюы ешқашан бізге алаңдамай, қол қусыруға себеп бола алмайды. Мәселен, өткен жылы Қазақстан армиясында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 30 фактісінің үштен бір бөлігін әскери қызметшілердің өздері мәлімдеген немесе оларды Қорғаныс министрлігінің Ішкі аудит қызметі мен әскери полиция анықтаған. Бұл сондай-ақ Қарулы Күштерде жемқорлыққа мүлде жол бермеу атмосферасын қалыптастыруды меңзейді.

Анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жартысына жуығы өткен кезеңдерде (2013 жылдан 2019 жылға дейін) жасалған. Әскери қызметшілердің кінәсі 21 дерек бойынша дәлелденді, екі қылмыстық іс ағымдағы жылдың өзінде ақтайтын негіздер болғандықтан тоқтатылды. Бірақ жылдың аяқталуына байланысты өткен жылғы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасын өзгерту мүмкін емес. Қалған жетеуі бойынша сотқа дейінгі тергеулер мен сот талқылаулары жүргізілуде.

Осылайша, кейде қосарланған есеп пайда болады: 2019 жылы жасалған әрекеттер 2020 жылы тергеледі, сот 2021 жылы үкім шығарады, ал сол қылмыс туралы есеп бірінші жартыжылдықтан қатарынан үш жылға созылады.

Мысалы, командир жазаны алып тастағаны немесе төлемегені үшін пара алды, содан кейін әскери қызметшіні басқа лауазымға тағайындады. Кейде бұл екі немесе тіпті үш қылмыс деп саналады. Немесе пара туралы іс алаяқтыққа қайта сараланады, нәтижесінде бір жылы ол парақорлық, екінші жылы – алаяқтық ретінде ескеріледі. Нәтижесінде бір фактіні екі рет есепке алады.

Айта кету керек, тек күшіне енген сот үкімі кез-келген істі тоқтатады. Бұған дейін қорытынды жасау ертерек. Жоғарыда айтылғандай, сотталған әскери қызметшілер бойынша статистика 21 пайызға төмендеді. Бұл алдын-алу шараларының көрсеткіші, алдын-алуды өлшеу немесе қолмен ұстау мүмкін емес, біз қанша адам өзінің жаман ниетінен бас тартқанын білмейміз, бірақ статистикалық мәліметтер бойынша біз қабылдаған шаралардың қаншалықты тиімді екенін анықтай аламыз. Бюджет қаражатын жымқыру аясында қылмыс жасалмаған.

Егер 2020 жылы сыбайлас жемқорлықпен сотталған 26 әскери қызметші туралы айтатын болсақ – әңгіме ең алдымен тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көрінісі туралы болып отыр. Әрине, бұл өзінің әскери міндетін лайықты және адал атқарып жүрген барлық Қарулы Күштерге, бүкіл жеке құрамға көлеңке түсіреді. Оларды соттау нәтижесінде бейбіт уақытта біз 26 әскери қызметшіні жоғалттық десек болады, себебі оларды қамсыздандыруға, оқытуға және даярлауға мемлекет қаражат салды.

– Бұл мәліметтер қандай деректерге негізделген? Осы тұрғыда басқа мемлекеттік органдармен Қорғаныс министрлігін салыстырсақ?

– Бұл сандар құқықтық статистика органдарымен салыстыру нәтижесінде алынды. Бірқатар мемлекеттік органдарды, әкімдіктер мен соттарды есептемегенде, 17 министрліктің ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша қорғаныс ведомствосы 13-ші орында. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің үлесі 0,03%-ды құрайды. Бұл ретте мемлекеттік органдардың штаттық санын ескеру қажет. Тұтастай алғанда, оның ішінде іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижесінде 2020 жылы сотталған әскери қызметшілердің саны бір жарым есеге азайды.

Сұхбат zakon.kz сайтынан аударылып алынған

Leave A Reply

Your email address will not be published.