ГИМНАЗИЯДАН 27 ТҮЛЕК ГРАТҚА ИЕ БОЛДЫ

0

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының түлектері  2022-2023 оқу жылын жемісті аяқтап отыр. Биыл аталмыш білім ошағынан 61 түлеп ұшқан еді.  Арман қанатында жоғарғы оқу орны студенті атануға бел буғандар арасында 6 «Алтын белгі» иегері және 2 «Үздік аттестат» иегерлері өз білімдерін дәлелдеп, студент атанды.

 

Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысқан 36 оқушының ішінен жоғары балл жинағаны 27 түлек грант иегері болды. Олар Сулейман Демирел атындағы университет, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, Алматы менеджмент университеті, Қазақ Ұлттық Британдық университеті,  Жаяу-әскери құрлық институты атты түрлі атаулы оқу орындарының грант иегерлері болды.  3 оқушы өз білімдерін шетелдік ЖОО-да жалғастырмақ. Алтын белгі иегері  Абсалтай Альмира  Туркия мемлекетінің «Коджаэли» университетінен грант ұтып алса, 2 оқушы Сулейманов Абдурахим және Сулейманов Абдурахман  Кытай мемлекетінің «Аньхой» педагогикалық университетінің грантын иеленді. Қалған түлектер өз білімдерін ақылы түрде жалғастырады, оның ішінде 11-і көршілес Қырғызстан мемлекетінің жоғары оқу орындарында білім алмақ.

Оқушылардың мамандық таңдау аясы кең. Түлектер медицина, заң, педагогика, экономика, менеджмент және бизнес басқару, коммуникация және коммуникациялық технологиялар, IT салаларын және т.б. таңдаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.