Гвардейск гарнизонында тәрбиеші офицерлердің оқу-әдістемелік жиыны өтті

0

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде тәрбие құрылымдары офицерлерінің оқу-әдістемелік жиыны болып өтті. Оған батальон, дивизион командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Гвардейск гарнизонында өткен бұл жиынға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ораз Кучуков жетекшілік етті.
Жиынды қысқаша сөз сөйлеп ашқан ол жеке құрамды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын көтеру, әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын моралдық-психологиялық қамтамасыз етуді басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастырудың өзектілігін атап өтті.
Шара барысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
– Бүгінгі жиында біз әскери ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелері бойынша тәрбие құрылымдары офицерлерінің әдістемелік дайындық деңгейін көтердік. Проблемалық мәселелерді анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын қарастырдық, – деді полковник Ораз Кучуков.
Жиын соңында батальон және дивизион командирлерінің орынбасарлары басшылық құжаттар бойынша сынақтар тапсырып, шараның қорытындысы шығарылды.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.