ГВАРДЕЙСК ГАРНИЗОНЫНДА ТАНКИСТЕРМЕН ҚОШТАСТЫ

0

Салтанатты шарада 2023 жылдың 1-ші оқу кезеңінен бері Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздар танк бригадасына алғысын білдірді.

Жауынгерлік туды ортаға алып, командир бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды, сарбаздардың жетістігі мен жауынгерлік міндетті орындаудағы шыдамдылығы, батылдығы мен өз ісіне адалдығын сөз етті.

12 ай ішінде әскери қызметшілер нағыз батылдық емтиханынан өтіп, мінездерін шыңдап, өздерін қайта құрды.

«Бірнеше күннен кейін қызметімді сәтті аяқтап, үйге оралатыныма қуаныштымын. 12-ші танк бригадасында өткізген уақыт маған нағыз адал достар сыйлады. Осы тәжірибе үшін қарулық жолдастырым мен әскери бөлім басшылығына алғысым шексіз. Әскер нағыз ер-жігітті тәрбиелейтін орта деп білемін», — дейді 21450 әскери бөлімінің сарбазы Абылайхан Шаншар.

Ұрыс тәсілдерін меңгеріп, өзге дағдыда тәлім алған жастардың 70-ке жуығы ЖОО-да тегін білім алуына жол ашылды. Мемлекет осы ретте “Мерзімді қызметші 2.0” бағдарламасын алға тартуда. Ал, мінездеме түрлі салада жұмысқа орналасуға септігін тигізеді.

Айта кетерлігі, запасқа шығарылған 350 әскери қызметшінің 150-ге жуығы Атырау облысындағы су тасқынының алдын алуға көмектесуде.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.