ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СМС-КОДТАРДЫ, ЖСН-ДІ ЖӘНЕ БАНК ДЕРЕКТЕРІН СҰРАМАЙДЫ

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы соңғы уақытта телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбейгенін хабарлайды. Зиянкестер өздерін ХҚКО қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардан СМС-кодтарды, ЖСН-ді, банк карталарының деректерін және өзге де жеке мәліметтерді талап етуі мүмкін.

ХҚКО қызметкерлері мұндай ақпаратты ешқашан қоңырау арқылы, мессенджерлерде немесе аудио-бейнеқоңырау кезінде сұрамайды. Егер белгісіз тұлға сізден жеке деректеріңізді талап етсе, бұл – алаяқтықтың айқын белгісі.

СМС-кодтарды, ЖСН немесе банк реквизиттерін бөгде адамдарға беру қаржылық шығынға ұшыратуы немесе жеке ақпараттың таралып кетуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан Мемлекеттік коорпорация азаматтарға күмән туғызатын сілтемелерге өтпеуге, құпия ақпаратты ешкімге жария етпеуге және күдікті қоңырау не хабарлама алған жағдайда әңгімені дереу тоқтатуға кеңес береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.