ХАБАРЛАМА

0

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2019 жылғы 28 наурыздағы №17-5-6/82 «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесуге тыйым салу туралы» бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынған.

Қазіргі таңда аталған бұйрықты 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу туралы заң жобасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен дайындалып, жалпы халықтық талдауға ағымдағы жылдың қаңтар айының 16-сында жарияланды.

Осы себепті ескере отырып Қордай орман шаруашылығы Қордай ауданының халықтарына заңсыз ағаш кесуге болмайтындығын ескертеміз.

М.ТАБИЕВ, Қордай ормандарды және жануарларды дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман күзету және қорғау инженері

Leave A Reply

Your email address will not be published.