ХАБАРЛАНДЫРУ

0

«Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ ықтимал әсер ету туралы есеп бойынша ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізетінін хабарлайды: «Жамбыл облысы Қордай ауданы Ауқатты ауылдық округінде 110 кВ әуе электр беру желісінің және 110/35/0,4 кВ қосалқы станциясының құрылысы».
Қоғамдық тыңдауды өткізу күні, уақыты, мекенжайы және орны:
2022 жылғы 28 қазан, сағат 15:00, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ауқатты ауылы, ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында.
Бастамашы: «Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ, БСН 060240005523, тел. 8(72636) 4-33-21.
Орындаушы: «Тепловик» ӨК, БСН 980240001245, тел. 8 (7262) 51-16-72.
Қоғамдық тыңдауларға ұсынылған материалдармен https://ecoportal.kz порталында және жергілікті мемлекеттік органның https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat?lang=ru сайтында танысуға болады.
«Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ баршаңызды қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырады. Барлық мүдделі тұлғалар өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын электрондық пошта мекенжайы бойынша енгізе алады: stroi_kordai@mail.ru. Барлық сұрақтар бойынша 8(7262)51-16-72 телефонына хабарласуға болады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда ұсынылады https://ecoportal.kz және жергілікті мемлекеттік органның сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat?lang=ru.

Leave A Reply

Your email address will not be published.