Хабарландыру

0

Қазақстан Республикасы бойынша «Аtamnyn Amаnaty» акционерлік қоғамы Ұлы Отан соғысы майданында, тұтқында қайтыс болған жерлестерімізді іздестірумен айналысатын қоғам.

Аты аталған қоғамның іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бірқатар жерлестеріміз табылған. «Аtamnyn Amаnaty» акционерлік қоғамы Қорғаныс Министрлігіне табылған майдангерлердің туған-туыстарын табу жұмыстарында көмекке жүгінді.

Құрметті Қордайлықтар төменде аты аталған Ұлы Отан соғысында елім, жерім деп қайтыс болған жерлестеріміз туралы қандай да ақпарат білетін болсаңыздар, Қордай ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласуыңызды сұраймыз: 4- 86-30, ұялы телефон 8-775-886-7005, немесе Қордай а. Сауранбаев көшесі №183 мекенжайына хабарласуды сұраймыз. Ескертілетін жағдай майдангерлердің аты, жөні, тегінде, мекен- жайында қателер болуы мүмкін:

— Нурбеков Аман — 1901 ж.т., Красногор ауданы, Прикский а/о,

— Амонтаев Салимбай — 1911 ж.т., Красногор ауданы,

— Миизбаев Жаксыбай — 1906 ж.т., Красногор ауданы,

— Чаробасов Тайжан — 1900 ж.т., Курдай ауданы,

— Кошкарев Михаил Александрович — 1909 ж.т., ст.Отар,

— Динхуров Мусах — 1913г.р., Караконус а, Курдай ауданы,

— Евлин Алексей Пантелеевич — 1923 ж.т., Михайловка а., Курдай ауданы,

— Базарбаев Андабай — 1900 ж.т., Курдай- Павловка а., Красногор ауданы,

— Есхожаев Кадырбай- 1903 ж.т., к/з Красный партизан.

Г.Даминов, Қордай ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, полковник

Leave A Reply

Your email address will not be published.