Хабарландыру

0

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2025 жылғы 23 желтоқсан, жергілікті сағат 11.00 — де, Қордай ауылы, Төле би көшесі, № 65 үй (көші қон қызметінің бұрыңғы ғимараты) мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:

№1 Қарасай ауылы (Қордай ауданы) – Қордай (Қордай ауданы);

Гвардейск қалашығы (Қордай ауданы) – Қордай (Қордай ауданы);

Көктөбе ауылы (Қордай ауданы) – Қордай (Қордай ауданы);

Сортөбе ауылы (Қордай ауданы) – Қордай (Қордай ауданы);

Қайнар ауылы (Қордай ауданы) – Қордай (Қордай ауданы);

Қордай ауылы (Қордай ауданы) – Маршрут №1, Маршрут №2, Маршрут №3;

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Қордай ауылы, Төле би көшесі, № 65 үй мекен жайы бойынша ұсынуы тиіс.

Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 21 желтоқсан сағат 12.00-ге дейін.

2025 жылғы 20 желтоқсан, сағат 16.00-де конкурстық Комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.

Анықтама алу үшін телефоны: 8 (72636) 2-10-52.

Ескертпе: аудандағы барлық ЖШС және ЖК мекемелері конкурсқа қатысуға ниет білдіре алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.