Қордай ауданы аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында, аса қауіпті зиянкестеріне (итальяндық прус, марокколық шегіртке) және дәнді дақылдардың қауіпті ауруларына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар карантиндік объектілерге (арамсояу, жатаған у кекіре) қарсы химиялық өңдеу жүргізілуде.
Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалардан (фермерлер, омарташылар) сақтық шараларын сақтап, мұқият болуларыңызды сұраймыз.
Ауылдық округ әкімдеріне, ауыл тұрғындарына және учаскелік полиция инспекторларына ерекше өтініш: өз округтеріңіздегі жергілікті тұрғындарды хабардар етіп, химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін кезде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз, себебі қолданылатын химиялық препараттар өте улы. Байланыс Тел. 87756638413, 87766643867
Қордай аудандық аумақтық инспекция