ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

0

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Бүгін Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков тұрғындармен кезекті жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға ауылдық округ әкімдері мен аудандық мекеме, тиісті бөлім басшылары қатысты. Алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, өтініш-тілектерін жеткізді.

Көтерілген мәселелердің басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімдерін бөлу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы жеке өтініштерге қатысты болды. Сондай-ақ Ноғайбай ауылының тұрғыны «Damubala.kz» платформасы бойынша қосымша қаржыландыру мәселесін көтерді. Аталған платформа 4 пен 17 жас аралығындағы балаларды жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы мемлекет есебінен тегін үйірмелер мен спорттық секцияларға қатыстыруға мүмкіндік береді.

Аудан әкімі Бегзат Болатбеков барлық өтініштерді мұқият тыңдап, әрбір мәселені заң аясында қарастыру және шешу жолдарын түсіндірді. Тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, мәселелердің орындалуы бақылауға алынатыны атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.