Демографиялыќ және әлеуметтік ґзгерістерді аныќтайды
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚР Үкіметі Қазақстан Республикасы халқының санағын өткізу туралы қаулы шығарды.
Халық санағы — белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау (респонденттерге жаппай сауал салу арқылы), өңдеу және алынған ақпаратты, статистикалық көрсеткіштер жүйесін және олардың талдауын қалыптастыру, халық туралы агрегатталған (иесіздендірілген жиынтық) деректерді бағалау және тарату процесін қамтитын арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау.
Санақ екі кезеңмен өтеді:
1 кезең – 2021 жылғы 1-30 маусым аралығында.
Аудандастыру үшін тұрып жатқан халықты нақтылау бойынша тұрғын-жайларды, тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және тұрғын емес үй-жайларды аралап шығу.
2 кезең- 2021 жылғы 1 қыркүйектен бас-тап 15 қазан аралығында.
Сіз:
1 қыркүйек-15 қазан аралығында өз бетінше www.sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде немесе 1-30 қазан аралығында сізге интервьюер барған уақытта санақты өте аласыз.
Халық санағының қорытындылары жалпы ел бойынша, қалалық және ауылдық жерде және өңірлік бөліністе жынысы мен жасы, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, ұстанатын діні, білім деңгейі, тілдерді меңгеруі, үй шаруашылықтарының (және отбасылардың) саны мен көлемі, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша халық санының құрылымындағы өзгерістер сияқты халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында өткен 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді.
Санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайларын, некелік-отбасылық қатынас-тарды жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін қажет.
Алғашқы кезең (алдын ала аралап шығу) бір ай бойы жүргізіледі. Ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін әр елді мекенде интервьюер өзіне бекітілген учаскені аралап, үйлердің тізімін құрастырып, әрбірінде тұрақты тұратын халық санын нақтылайды.
Санақтың дайындық кезеңінде алынған мәліметтер санақ аудандастыруды жүргізу, яғни аумаққа бөлу және есеп учаскелеріне бөлу және халық санағының негізгі кезеңі үшін ұйымдастыру жоспарын жасау үшін пайдаланылатын болады.
Учаскені аралау кезінде интервьюердің өзімен бірге Тегі, Аты, Әкесінің аты, берілген күні және оның қолданылу мерзімі көрсетілген фотосуреті бар куәлігі, Халық санағының нышаны, сондай-ақ аумақтық статистика органының қолы мен мөрі болуға міндетті. Әрбір интервьюерде халық санағының символикасы бар көк түсті портфель болады. Интервьюер туралы деректерді куәлігінің номеры бойынша sanaq.gov.kz сайтында тексеруге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда аудан тұрғындары бірыңғай call-орталыққа 1446 номеріне және Қордай аудандық статистика басқармасына Қордай а., Өтеген к., 81 мекенжайына 2-10-39 номеріне хабарласа алады.
Қазақстан азаматтарының әрбірі маңызды!