«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларыңда әзірленуде

0

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады»

Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды.

📍Өтетін орны: Қордай ауылы, Батыс ықшам ауданы №25 (ЦОН)

Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.
_________

🔰Общереспубликанская акция «Народный юрист» пройдет во всех крупных городах Казахстана

30 мая в 17:00 во всех крупных городах Казахстана стартует общереспубликанская акция «Народный юрист», сообщает (название СМИ). Цель акции повышение правовой грамотности населения и оказание бесплатной юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить бесплатно необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности страны. Среди них известные адвокаты, нотариусы, прокуроры, следователи, судебные исполнители, руководители госорганов и др. Организаторами акции выступают Агентство РК по противодействию коррупции, сетевое издание Zakon.kz, Информационная система «Параграф», органы государственной власти, лучшие юристы и адвокаты Казахстана. За годы своего существования акция «Народный юрист» стала уже традиционной и поддерживается многими казахстанцами.

Leave A Reply

Your email address will not be published.