29 қыркүйектен бастап Қордай аудандық орталық ауруханасында өткізілген инфекциялық қауіпсіздік бойынша арнайы оқыту жұмыстары өз мәресіне жетті. Бағдарламаға медициналық және беймедициналық бағыттағы 100 қызметкер қатысып, теориялық және тәжірибелік сабақтардан өтті.
Оқыту барысында қызметкерлер қол гигиенасы, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану, медициналық бұйымдарды өңдеу және медициналық қалдықтармен жұмыс жүргізу бойынша жан-жақты білім алды.
Дәрістер мен практикалық сабақтарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК маманы, ұлттық деңгейде инфекциялық бақылауды үйлестіруші, «University Medical Center» корпоративтік қорының эпидемиологиялық бақылау саласының жетекші эпидемиологы Гаухар Ағажаева жүргізді.
Аталған оқу нәтижесінде аурухана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі артып, медициналық көмектің сапасын халықаралық талаптарға сәйкес арттыруға зор үлес қосылды.