Инклюзивті дауыс беру: Қордайда қолжетімді орта қамтамасыз етілді

0

Қордай ауданындағы барлық референдум учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Учаскелерде арнайы пандустар орнатылып, қажет болған жағдайда көмек көрсететін жауапты қызметкерлер де қарастырылған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау учаскелеріне емін-еркін келуіне жағдай жасау мақсатында инватакси қызметі де ұйымдастырылған.
Осындай мүмкіндіктің арқасында көзі нашар көретін аудан тұрғыны Бахытжанов Жалғасбай Үмбетұлы да өз таңдауын жасау үшін учаскеге арнайы инватаксимен келді.
– Мемлекет біз сияқты жандарға да дауыс беруге барлық жағдай жасап отыр. Инватакси қызметінің арқасында учаскеге еш қиындықсыз келдім. Өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым,-дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.