2024 жылғы 11 желтоқсанда Astana Hub-да Alem.AI Жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын таныстыру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті AI-Sana бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға жұмыс сапары аясында AlmatyFairai көрмесінде AI-Sana бағдарламасы екі елдің Президенттеріне ұсынылды.
Бағдарлама білім беру, зерттеу және стартаптарды дамытуды біріктіретін қарқынды экожүйені қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Осы мақсатта әлемнің жетекші университеттерінің акселерация тәжірибесін пайдалану қажет.
«AI-Sana» бағдарламасының мақсаты – ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, энергетика және басқа да салалар бойынша бейінді мамандықтарда білім алатын студенттерге жасанды интеллект және AI-кәсіпкерлік саласындағы қосымша құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік беру, аталған салалар бойынша білімдерін кезең-кезеңімен тереңдету. Бұл тәсіл болашақ мамандарға өз кәсіби саласын терең меңгеріп қана қоймай, сондай-ақ жұмыс үдерістерін оңтайландыру және салалық өзекті мәселелерді шешу үшін ЖИ технологияларын белсенді қолдануға мүмкіндік береді.
Бағдарлама түлектері салалық мәселелерді инновациялық жолмен шешуге арналған өз стартаптарын құра алады немесе алған білімдерін жұмыс орындарында тиімді қолдана алады, бұл өз салаларында инновациялардың таралуына және технологиялық дамуына ықпал етеді.
Зубаржат Азимбайқызы,
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар дәне әлем тілдер университеті ФММК студенті