Қордай ауданында “Qordai CUP” атты интеллектуалды ойын өтті.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы “Еркін Пікір” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қордай ауданындағы Бетқайнар колледжінде “Qordai CUP” атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымын нығайту болды.
Интеллектуалды сайысқа ауданның бірнеше колледждерінің студенттері мен облыстың белсенді жастары атсалысты. Қатысушылар түрлі тақырыптарды қамтыған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білім деңгейі мен тапқырлығын көрсетті. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар ерекше әсер алды.
Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ойын нәтижесі бойынша I орынды — «Жастар үні», II орынды — «Қордай», ал III орын — «Патриот» командалары өзара бөлісті.
Жастардың зияткерлік қабілеттерін шыңдауға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.