ИНТЕРНЕТ- АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС

0

Бұрын адамдар   «қорадағы малым жоғалды» деп шағымданса, қазір «шотымдағы қаражатымнан қағылдым» деп полиция ғимаратының табалдырығын тоздыратындар көбейген. Ақпараттық технологиялар өмірімізді жеңілдеткенімен, интернет алаяқтықтың белең алуына да түрткі болып отырғандығын мойындауымыз қажет. Сондықтан халыққа интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп тұрудың маңызы зор.

Осы мақсатпен Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен интернет-алаяқтықтың алдын алу және онымен күресу аясында ауданымыздағы еріктілер халық көп шоғырланған жерлерде және аудандық мемлекеттік мекемелерде «Интернет-алаяқтықпен күресу» тақырыбына арналған ақпараттық плакаттарды орналастыру науқанын өткізді.

«Бұл іс-шара азаматтардың онлайн-алаяқтықпен байланысты тәуекелдер туралы жалпы хабардар болуы мен білімін арттыруға және оларға онлайн-ресурстарды пайдалану кезінде неғұрлым саналы және қауіпсіз шешім қабылдауға мүмкіндік береді»,-дейді Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Алтынай Сейдеходжаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.