Боз кілемде балуандар

0

3-4 қараша күндері Қарасу ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Өтеген Өтеғұлұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2008-2009 жылғы кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен Жамбыл облысының аудандары – Талас, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Қордай ауданы командаларынан 100-ден астам балуандар боз кілемде күш сынасып, өз шеберліктерін көрсетті.

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай алғашқы құттықтау сөзінде ұлттық спорттың дамуы оның ішінде қазақ күресі ерекше мән беруге болатынын айтып, өз үлестерін қосқан Өтеген батыр ұрпақтарына алғысын айтып, жас балуандарға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Шернияз Жылқыбеков ақсақал атамызға құрмет көрсету ретінде шапан жауып, өзінің батасын берді.

Айта кетсек, Өтеген батыр жүлдесіне арналған турнир болашақта Республикалық турнир болып, күнтізбелік жоспарға енгізуге жұмыстар жүргізілуде.

Осы жарыста Қордай ауданының балуандары жүлделі орындарға ие болып, қапы қалмады.

Жүлделі орындарға ие болған балуандар медаль, диплом және ақшалай қаражатпен марапатталды. Жарыстың өтуіне кәсіпкер Малик Нұрмұхамбетов демеушілік танытты.

Самат АМАНБАЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.